Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте жалған полицей ұсталды

Шымкент қаласы Полиция депратаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жергілікті тұрғын полицей озбырлығының құрбаны болғаны туралы арызданған. Азаматшаның айтуынша, бейтаныс адам өзін Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының жедел уәкілі ретінде таныстырып, оны құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қоямын деп қорқытқан. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін «Полицей» әйелден ай сайын оған 80 мың теңге көлемінде ақша беруді талап еткен.
Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ер адамды ақша алу үстінде ұстады. Тексеру кезінде ұсталған адамның полицияға ешқандай қатысы жоқ және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкері екендігі анықталды.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, нәтижесінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Ұялы телефонын тартып алған үшеу ұсталды

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӨЗБЕКСТАННЫҢ ҮШ ОБЛЫСЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

admin

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР МӘМС АЯСЫНДА ТЕГІН ЕМ ҚАБЫЛДАП ЖАТЫР

admin