БОЛАШАҚҚА БАЛТА ШАППАҢЫЗ…

Иә, болашаққа балта шаппаңыз…. Себебі, болашақтың тағдыры біздің қолымызда. Сыбайлас жемқорлықты жою арқылы болашағымызды баянды, ұрпағымызды салиқалы ете аламыз. Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, таныс-тіршілігін табылатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс.«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемілекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Шымкент қаласы бойынша ИЧ -167/10 мекемесінің БҚБ аға бақылаушылар қызметінің бастығы әлілет майоры Н.Кенжебеков

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.