Шымкентте құқық қорғау қызметкерлері арасында волейболдан турнир басталды

  Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойына орай  Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен тәртіп сақшылары арасында волейболдан турнир басталды. Шараның басты мақсаты полицейлердің  спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір  салтын насихаттау.
    Сайыстың ашылу салтанатына Полиция департаменті бастығының орынбасары Сырым Абдуллаев пен Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Сержан Оразұлы қатысып, тәртіп сақшыларына сәттілік тіледі.
    Спорттық турнирде барлығы 11 команда бақ сынауда. Оның ішінде, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы Полиция департаментінің тәртіп сақшылары, ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының курсанттары мен ҰҰ №6506 Әскери бөлімінің сарбаздары және ҚР ІІМ Шымкент қаласы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мен Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері бар.
   Мерекелік жарыстың қорытындысы бүгін кешке белгілі болады.Топ арасынан суырылып алға шыққан командалар арнайы жүлделермен мараппалады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.