Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

145 КӨШЕДЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов орташа жөндеу жұмыстары аяқталған бірнеше көшені аралады.

Соның бірі — Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы Сыдықхан ата көшесі. Көшенің ұзындығы — 2,7 шақырым, ал ені — 5 метр.  Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.

Жалпы биыл Шымкентте 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 145-нде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшенің жұмыстары күзге дейін аяқталады деп күтілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

Ұқсас жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ШАРДАРАНЫ ДАМЫТУҒА КҮШ САЛАМЫЗ

admin

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДА КЕЗЕКТІ «СЕРВИСТІК ӘКІМДІК» ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА АШЫЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ҚҰНЫ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕЛІК ҚОС ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ

admin