25.09.17-01.10.17 арналған жұлдыз-жорамал

Тоқты

Бар күш-жігеріңізді жинап, іске көшіңіз. Егер бір күн әрекетсіз отырсаңыз, кейін мүмкіндікті жіберіп алғаныңыз үшін өкінетін боласыз. Махаббат та, айырылысу да болады. Егер  жүрегіңізге құлақ                                       аспасаңыз, үлкен қателік  жіберуіңіз мүмкін.

 

Торпақ

Мансаптан бас тартып, жеке өміріңізге көбірек көңіл бөлуге аңсарыңыз ауады. Егер бұған қаржылай мүмкіндігіңіз болса, әрине, бұл шешіміңіз дұрыс. Тек кейін өкініп жүрмесеңіз                                          болғаны. Емдәм ұстап, артық салмақтан                                                арылыңыз.

 

 Егіздер

Әлем аруы болмасаңыз да, сізге көңіл білдіретін жігіттердің саны аз болмайды. Тіпті бастығыңыз да сіздің тартымдылығыңызға қарсы тұра алмайды. Дегенмен, жұмыстан қашып құтыла                                        алмайсыз. Демалыста ыстық моншаға түсіңіз.

 

 Шаян

Сіздің қазір бір ғана мақсатыңыз бар, ол – өмірлік махаббатыңызды тауып, отбасын құру. Тек бұрынғы жігітіңізге қайтып барушы болмаңыз. Жұмыста өз құқыңызды қорғауға  тура келеді.                                        Жүйке тоздырмай, таңертең жүгіруді бастаңыз.

 

Арыстан

Өз қара басыңызды ойлай бермеңіз, әйтпесе шаңырағыңыз ортасына түседі. Қаржылық қиындықтарыңыз білгір адамның көмегімен шешіледі. Тек аздап табандылау болыңыз.                                             Тұмауратып не тамағыңыз ісіп ауырып қалуыңыз                                   мүмкін.
Бикеш

Егер күнұзақ компьютерден бас алмай отыра берсеңіз, өмірден жалғыз өткеніңіз өткен. Біреуді кездестіргіңіз келсе, ең болмаса көшеге шығыңыз. Егер жалақысы жоғары жұмыс ұсынса, бас                                             тартпаңыз. Дәрумен ішіп, ұйқыңызды                                                       қандырыңыз.

 

Таразы

Ең алдымен денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Егер созылмалы дерттеріңіз қайта бас көтерсе, дереу дәрігерге жүгіріңіз. Күйзеліске түссеңіз, есіңізде болсын, өмір тек ақ жолақтан тұрмайды. Есесіне                                   сүйіктіңіз әрдайым жаныңызда болмақ.

 

Сарышаян

Қиялға беріліп, романтиканы армандап жүргенде жұмыссыз, тіпті бір тиынсыз қалуыңыз әбден мүмкін. Және ақшаға келгенде ешкімге сенбеуге кеңес береміз. Денсаулығыңызда кінәрат жоқ, ал                                  жүйкеңіз сыр берсе, демалғаныңыз дұрыс.

 

Мерген

Сізге қазір кәсіби мақсаттарыңыздан бұрын жеке өміріңізді көбірек ойлау керек. Әсіресе, әлі күнге жаныңыздың жартысын таба алмай жүрсеңіз. Ал ақшаңыз бар қажетіңізді өтеуге                                           жетеді. Моншаға түсіп, дәрумен ішіңіз, дене                                             шынықтырыңыз.

 

Тауешкі

Туыстарыңыздың кеңестері мен көмегінен бас тартпаңыз. Бәрін өзім реттеймін деу бос әурешілік. Жұмыста бәсекелестер мен күндестерден абай болыңыз. Ал                                                               денсаулығыңызды реттеу үшін спортзалға                                             жиірек барып, дұрыс тамақтаныңыз.

 

Суқұйғыш

Егер табысқа не сүйгеніңізге қол жеткізуді мақсат етсеңіз, олар міндетті түрде сіздікі болады. Бастысы, ерінбеңіз. Жаңа жобалардың арқасында табысыңыз көбейеді не сыйақы аласыз. Таза ауада көбірек серуендеп,                                                    бассейнге барыңыз.

 

Балық

Егер ұнатқан адамыңыз болса, оған өз сезіміңізді білдіруге қорықпаңыз. Материалдық жағдайыңызды жақсартуға бір емес, бірнеше мүмкіндік туады. Тек қарыз алмаңыз. Алдын-ала қам жасамаңыз, қатты суықтап қалу қаупі бар.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.