Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 57 МЫҢ ТҰРҒЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

2022 жылы 57 мыңнан астам қала тұрғынын жұмыспен қамту шараларымен қамту көзделуде. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

– Жыл басынан бері 5 айда 22 мыңнан астам тұрғын еңбекпен қамту шараларымен қамтылды. Бұл бағыттағы жобаларды жүзеге асыруға жалпы 7,2 миллиард теңге қаралған. Біздің мақсатымыз – әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар санын азайту, ол үшін тұрғындарды жұмыспен қамту – аса маңызды, – деді Мұрат Әйтенов.

Ал мүгедектігі бар тұрғындарды қолдауға бюджеттен 4,5 млрд теңге қаралған. 2021 жылы бұл мақсатқа 3,7 млрд теңге бөлінген болатын. «Бақытты жанұя» орталығында көп балалы

7 062 анаға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Ұқсас жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ХАЛЫҚ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ ТИІС

admin

Ө.ШӨКЕЕВ ҰОС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: 128 ЕГУ ПУНКТІ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

admin