«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасында 100-ден аса жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шымкентте жол апатын азайту, жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің мәдениетін арттыру, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында ағымдағы жылдың  4 мен 10 шілде  аралығында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталды.

Іс-шараны өткізу кезеңінде Шымкент қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы, Шымкент қаласы Әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Шымкент қаласы Көлік прокуратурасы қызметкерлерімен бірлескен мобильдік топтар құрылып, Патрульдік полиция полкінің автоэкипаждарымен жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктер тексерілуде. Полиция қызметкерлерімен жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көлік құралдары тексеріліп, жол қозғалысы қағидаларын бұзған жалпы 100-ден аса  жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда,

— ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы  (жолаушыларды, багажды және заттарды

тасымалдау ережесін бұзу) – 5;

— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған

көлік құралын басқару) – 5;

— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі (рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеу) – 2;

— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (техникалық байқаудан өтпеу) – 10;

— ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) – 11;

— ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (маневр жасау қағидаларын бұзу) – 9;

— ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (қарсы жүріп өту қағидаларын бұзу) – 3;

— ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі (міндетті сақтандыру туралы заңнама бұзу) – 1;

— Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу(айыптұраққа қою) — 1;

— Автобус парктерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны – 1.

Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.

          Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.