ШЫМКЕНТТЕ: ПОЛИЦЕЙЛЕР ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫН ЖАСАҒАН ЖАС ЖІГІТТІ ҰСТАДЫ

  Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, құрылысы аяқталмаған үйіне белгісіз тұлға еркін кіру арқылы құны 189 990 теңге тұратын планшетін ұрлап кеткен.
   Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде ізін суытпай жас жігітті анықтап, ұстады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
   Шымкент қаласының полицейлерлері тұрғындарды сақ болуға шақырады. Егер, сіз, қалта ұрлығының немесе ұрлықтың куәгері, құрбаны болсаңыз шұғыл тұрде полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар. Бұл қылмыстың тез ашуға және алдын алуға септігін тигізеді.
Шымкент қ. ПД-нің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.