«AMANAT»: ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ АУЫСТЫРЫЛДЫ

«AMANAT» партиясы, Қазығұрт аудандық филиалында аудан әкімі Арман Абдуллаев ағымдағы жылдың 23 маусым күні қоғамдық қабылдау өткізген болатын.

Аталмыш қабылдауға келген, Қызылқия ауылының тұрғыны Ж.Исаев, Қызылқия ауыл округі Айнатас елді мекеніндегі Дәулетов, Сегізбаев, Құлтаев көшелерін электр бағаналарының тозығы жеткенін айтып, көмек берілуін өтінді.

Нәтижесінде аудан басшысы Арман Айдарұлы, электр бағаналарын ауыстыру жұмыстары шілде айында басталатынын айтқан болатын.
Бүгін, Қызылқия ауыл округі Айнатас елді мекені Даулетов, Сегизбаев, Құлтаев көшелерін электрмен қамтамасыз ету құрылысы басталды. Мердігер компания, «Prof-Fasade «ЖШС, аудандық бюджет есебінен электр бағаналарын ауыстыру жұмыстарына 31 001 638 тг қаржы бөлінген.

Сонымен қатар, аудан әкімінің қабылдауында болған Сарапхана ауыл округі, Махамбет ауылы, Ырыс көшесінің тұрғындары атынан өтініш білдірген С.Есиркепованың да өтініші оң шешімін тапты.

Айта кетейік, Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев тұрғындармен бірге өткізілген қоғамдық қабылдауларда айтылған ұсыныс-пікірлерді, шағымдар мен өтініштерді әрдайым ескеріп, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерінің кезең-кезеңімен шешілуін назардан тыс қалдырмай келеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.