ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫН АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің түркістандықтармен еркін кездесу барысында әркім өзін толғандырған мәселені көтере алды. Облыс әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын айтты. Халықтың тарапынан түскен сауалдардың көбі әлеуметтік салаларға, қоғамдық көлік, заңдастыру, жол мен кәріз жүйелеріне қатысты болды. Атап айтқанда, мүгедектерді тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған автомобиль, яғни инватакси санын көбейту мәселесі көтерді. Қала аумағында 7 автокөлік тасымалдайды. Жыл соңына дейін олардың саны артатын болды.
Кездесуде қаланың кей аудандардағы интернет желісінің сапасының төмендігі айтылды. Қосымша жаңа базалық станциялар салу қажеттілігі туындағанын айтқан облыс әкімі ел арасында пайда болған «радиофобиядан» арылуға шақырды. Яғни, тұрғындардың базалық станциялардың адам денсаулығына зиян екенін айтып, арыздануы тұсау болатынын жеткізді. Қаладағы қондырғыларды толық тексеріліп, интернет сапасын анықтап, айыппұл салатын арнайы өңірлік байланыс инспекциясы жұмыс жасайды. Түркістандықтар тарапынан Түркістанға жаңа балалар аурухасы қажеттілігі жайлы айтылды. Мәселе келер жылдың еншісіне қалды. Жоспарда бар 190 орынға арналған аурухана құрылысы келесі жылы басталатын болады.
— Жергілікті билік азаматтардың мүддесі үшін жұмыс істеуі тиіс. Ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты қағидаты да осы. Біздің басты міндетіміз – мемлекеттік органдардың халықпен өзара байланысты нығайту. Біз әрі қарай да күш-жігерімізді біріктіріп, еңбек етсек әлі талай жетістікке бірге қол жеткіземіз,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.
Айта кетейік, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Түркістан қаласында биыл осымен екінші рет есеп беру кездесуін өткізіп жатыр. Бұдан бөлек облыс әкімінің орынбасарлары мен барлық басқарма да есептік жиынға қатысуда. Шамамен екі сағатқа созылған жиынға 500-ден астам адам келді. 50-ге тарта сұрақ қойылып, өзекті мәселелер
көтерілді. Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша бөлек қабылдады. Әкімнің халықпен кездесуі жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.