Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету

Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі тым артып кеткен. Оның еліміздегі орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары екенін айтты Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жас шығатынын ескерткен Мемлекет басшысы жастарды жұмыспен қамту мәселесін Үкімет пен облыс әкімдерінің айрықша назарына алуын жүктеді. Бұл салада атқарылған жұмыстардың нәтижелілігінің қорытындысы жыл соңына шығарылатын болады.

Халық табысын арттыру бағдарламасы аясында ел жастарын жұмыспен қамту шаралары қолға алынған. Бүгін Мемлекет басшысы аталмыш бағдарламаның тиімсіз жүзеге асырылып отырғанын сынға алып, мәселені түзеуді тапсырды.

Тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, ел болашағы – жастардың жағдайына көңіл бөлу азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының жақсаруына серпін береді. Президент бұл саладағы шешілмей отырған түйткілді мәселелерге сол себепті де барынша тоқталды бүгінгі отырыста. Жаңа, жасампаз Қазақстанның бағдары әрқайсымыздың әлеуметтік-рухани тұрғыдан өсіп-жетілуімізді өзекті етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Мұхтар Тайжан: Ұлт дегеніміз ойыншық таңдау емес…

admin

Шымкент: Полиция департаментінің бастығы өткен жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есеп берді

admin

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ 86%-Ы ӨРТТЕН ОРЫН АЛҒАН

admin