• «AMANAT»: ОБЛЫСТЫҚ «ЖЕР АМАНАТЫ» КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ САЙРАМНАН БАСТАЛДЫ

Жуырда ғана «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылған болатын. Осыған орай, өңірлік комиссия мүшелері алғашқы жұмысты Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылының тұрғындарымен кездесуден бастады.

Бүгін аталған комисия өкілдері Сайрам ауданы Қарамұрт ауылының шаруаларымен кездесті. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары П. Мұратұлы , аудан әкімінің орынбасары Ш. Убайдуллаев, облыстық басқарма басшылары,«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық мәслихатының депутаты А. Тайжанов және Сайрам ауданының дербес бөлімінің басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесу өткізіп, даулы жерлердің мәселесін талқылады.

“Жер аманаты” комиссиясы құрылғалы жерге қатысты арыздар көптеп келуде. Қарамұрт ауылында 2 мыңнан астам гектар жердің мәселесі айтылып, шаруалардың атынан шағымдар жеткізілді. Үлескерлердің атынан сөйлеген Закиржан Ахметов қараша халыққа жерді қайтарып беруге әрекет жасалуы тиіс екендігін атап өтті. Сондай-ақ жер дауы мәселесінде әділдік орнап, жері жоқ азаматтарға мүмкіндік берілсе деген ұсынысын тілге тиек етті.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев сөз алып, жер мәселесіне қатысты заң аясында кеңес беріп, бұл мәселе құзырлы органдардың араласуы арқылы сот тәртібімен шешілетіндігін түсіндіріп өтті.
Жиын соңында П. Мұратұлы тұрғындардың мәселелерін мұқият тыңдап, аталған мәселе партия бақылауына алынып, «Жер аманаты» комиссиясы тарапынан құзырлы органдарға ұсыныс берілетіндігін жеткізді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.