ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА «НӘТИЖЕ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Түркістан облысы, Отырар ауданында «Нәтиже» пилоттық жобасы биыл 16 мамырда іске қосылды. Қызмет көрсетуші мекемелердің жауапты қызметкерлері нақтыланып, тізімі мен кестесі бекітілді.
Бекітілген кестеге сәйкес Отырар ауданында аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінің жауапты маманы Жаймұрзаев Еркебұлан және дербес бөлімдердің тиісті мамандары арнайы аптасына бір күн «Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ аудандық филиалының мамандарымен бір ғимаратта отырып, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне азаматтардың өтініштерін тіркеу жұмыстарына кеңестер берді. Сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы халықтық кеңседе жауапты мемлекеттік қызметші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету, кеңес беру, канцелярия қызметкері «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде азаматтардың өтініштерін тіркеп, аудан әкіміне және орынбасарларына жеке қабылдауына тіркеу жүргізді.
Биылғы жылдың 11 шілдесінен бастап Отырар ауданы әкімдігі жанындағы халықтық кеңседегі қызметкерлер ХҚКО-дағы «Нәтиже» фронт офисіне орналасты. Мұнда күнделікті аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінен 1 жауапты маман және дербес бөлімдерден 6 жауапты маман (бір мезетте кестеге сәйкес 4 қызметкер) тұрғындарға қызмет көрсетіп, кеңестер беруде.
Жалпы 16 мамыр мен 19 шілде аралығында ХҚКО-да қабылданған өтініштер (е-гов) саны — 5, берілген кеңестер — 54 және көрсетілген қызметтер 17 болып отыр.
ХҚКО-да орналасқан қызметкерлердің жұмыс станциялары толық тиісті бағдарламалармен қамтамасыз етіліп, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының көмегімен 8 мбит/сек жылдамдықта байланыс орнатылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.