САЙРАМДА БІЛІМДІ ЖАСТАР СЫНҒА ТҮСТІ

Үш жүздің басын қосқан Абылай хан: «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік»- деген болатын. Жаңа Қазақстан жастарының басты артықшылығы — озық ойлы, жан-жақтылығы мен білімділігінде болуы тиіс. Осы ретте білімді жастардың басын қосатын «Эрудит» интеллектуалды ойынының облыс көлемінде кең етек жаюы ғылымға құштар жастар үшін үлкен серпіліс сыйлайды.
«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының қолдауы және аудандық «Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен «Эрудит» білім бәсекесі жалғасын тапты. Ойынға Түркістан облысының аудандық командаларынан бөлек, Тараз және Шымкент қалаларынан 30-ға жуық топ қатысты. Біліктілікпен қоса тапқырлық пен шапшаңдықты қатар талап ететін бәсекеде Тараз қаласынан келген “Dream Team” командасы жеңімпаз атанды. Ал, екінші орынды Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығының» «Тұран» командасы иеленсе, Сауран ауданының жастары үздік үштікті қорытыныдылады. Сондай-ақ тараздық «QazIQ Тараз» командасы мен Созақ ауданының жастарынан құралған ұжым ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Интелектуалды ойын алдағы уақытта да жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.