Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙІ ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Шілде айының соңғы 10 күнінде Нидерланд мемлекетінің Роттердам қаласында әлем бойынша полицейлер мен өрт сөндірушілер арасында спорттық жарыс өткізілді. Сайысқа 97 мемлекеттен кіл мықтылар қатысты. Оның ішінде Түркістан облысы ПД, Жергілікті полиция қызметі басқармасының Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрқанат Утешов те бар.
Спортшы, полиция аға лейтенанты Нұрқанат 90 келі салмақта армрестлинг бойынша күш сынасып, берілген санаулы уақыт ішінде қарсыластарынан айла-тәсілін асырып, жеңіске жетті. Оң қолымен 5 қарсыласпен күресіп, 5-еуін де жеңіп, алтын медальді иемденді. Сол қолы бойынша жүлделі ІІ орынды алды.
Осылайша Созақ ауданының тумасы, ішкі істер саласында 2004 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Нұрқанат Беркінбайұлы, елге алтын және күміс алқамен оралды. Жастайынан спортпен шұғылданған полиция аға лейтенанты қол күресімен 2011 жылдан бері айналысып келеді. Жетістіктері де аз емес, тіпті Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы деген атақтарын иеленген. Отбасылы, көпбалалы әке. Бүгінде жұбайы екеуі 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «TALQYLAU» ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin

Шымкентте корейлік әлемге белгілі «Highvill» ақылды үйлері салынбақ

admin

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 20 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

admin