КОМПЛАЕНС-ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛІГЕН ЖИЫН ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Ақбастау» бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы ұжымымен дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатқандығын жеткізді.
Спикер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынғандығын, заңсыз сыйақы алушыларға ғана емес, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдарға да қатысты жауапкершілік қатаңдатылғанын жеткізді.
Кездесуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі жемқорлық тәуекелдерін талдау екендігі қатысушылар назарына жеткізіліп, оның ішінде ұйым тарапынан ішкі талдауға ерекше мән беру қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, мекемедегі жемқорлықтың алдын алудағы комплаенс-қызметтерінің маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы нақты мәліметтерді Агенттіктің 1424 Call орталығына хабарлап айтуға болатыны ескертіліп, Департамент қызметкері сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жүйесі жайында ақпарат берді.
Айта кетейік, осы тұрғыдағы кездесу “Қаратау” ЖШС ұжымымен де өтті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.