ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «НӘТИЖЕ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Түркістан қаласында «Нәтиже» пилоттық жобасы биыл мамыр айынан іске қосылды. Қызмет көрсетуші мекемелердің жауапты қызметкерлері нақтыланып, тізімі мен кестесі бекітілді. Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қабылдау (бұдан әрі – қабылдау) Түркістан қаласы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) лауазымды тұлғаларымен және қала әкімдігінің дербес бөлімдерінің мемлекеттік қызметкерлерінен құралған Халықтық кеңсе арқылы жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсететін қалалық әкімдіктің 7 дербес бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету саласында кеңес беруді жүзеге асырады Сондай-ақ қала әкімдігі жанындағы халықтық кеңседе жауапты мемлекеттік қызметші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету, кеңес беру, канцелярия қызметкері «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде азаматтардың өтініштерін тіркеп, қала әкімінің және орынбасарларының жеке қабылдауына тіркеу жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі. Қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол келіп түсетін өтініштер және Фронт-офиске келіп түскен өтінімдер негізінде жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласы бойынша консультативтік көмек беру күн сайын, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
Сонымен қатар, Пиоттық жобаны іске асыру мақсатында, әкімдіктің және Халықтық кеңсенің айдарына:
1.Мемлекеттік корпорациялар мен әкімдіктердің жұмысы бойынша пилоттық жоба іске қосылды,
2.Халыққа қызмет көрсету орталығы және азаматтардың өтініштерін қарау бөлімінің бірлескен жұмыстарына арналған пилоттық жоба іске қосылды,
3. «Нәтиже» орталықтарындағы әкімдік пен ХҚКО қызметтері ұсынылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.