📌«Ауыл аманаты»: Партия мүшелері 74 ауылдық округті аралады

«AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырып келе жатқан «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауқымды ақпараттық марафон жалғасуда. Басты мақсат – ауыл тұрғындарына табысын, әл-ауқатты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу.

Биыл сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» бекітілді. Ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие алуына, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек алуына мүмкіндік пайда болады. Осы бағдарлама аясында партия Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда.

28 шілдеде партия мүшелері ауқымды ақпараттық марафонды бастады. Соның барысында Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола және Атырау облыстарындағы 74 ауылдық округті аралап үлгерді.

✔Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында партия мүшелері 18 ауылдық елді мекенде болып, 700-ге жуық адам жобамен танысты.

🔹«Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жобаға ерекше қызығушылық танытып отыр. Қойылған сұрақтардың көбісі 2,5 пайыздық несиеге байланысты болды. Тұрғындар банкте немесе ҚазАгро желісінде рәсімдеген несиеден гөрі, осыны төлеу оңай деп санайды»,- дейді бизнес-тренер Жұмагүл Мақашева.

Жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие жөнінде толығырақ партия жанындағы «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесінің басшысы Нүркен Шарбиев айтып берді. Ол бірде-бір коммерциялық банкте жеке тұлға дәл осындай шартпен несиені рәсімдей алмайтынына назар аударды.
Мал шаруашылығы немесе майлы дақылдарды өсіру сияқты кәсіп бағытын айқындауға ауылдық округтердің әкімдері көмектеседі. Ол үшін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ауыл, ауылдық округ әкімдеріне және «AMANAT» партиясы өңірлік филиалдарының атқарушы хатшыларына арнайы курстар өткізді. Халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласындағы біліктілікті жетілдіру бойынша 2346 адам оқытылды. Енді ауыл тұрғындарына кезек келді.

✔Ақмола облысындағы 30 ауылдық елді мекеннің тұрғындары табысты арттыру бағдарламасының жай-жапсарымен және «Ауыл аманаты» жобасымен танысты. Әсіресе, кооператив құру мүмкіндігі ерекше тартымды көрінеді. Оның мүшелері өздерін жемшөппен қамтамасыз етіп, өнім өткізу кезінде бір-біріне көмек көрсете алады.

Аманаттықтардың айтуынша, кооперацияның барлық қағидатын сақтаған жағдайда, кооператив мүшелері үшін қызмет құны нарықтан әлдеқайда төмен болады. Сонымен қатар, облыс әкімдіктері кәсіби агрономдардың, ветеринарлар мен механизаторлардың, зоотехниктердің кооперативке қатысуын қамтамасыз етеді.

✔Маңғыстау облысында партия мүшелері 12 ауылдық елді мекенді аралап шықты. Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының тұрғыны Майра Мәмбетова 15 жылдан астам уақыт іс тігумен айналысып келеді. Оның айтуынша, жеңілдетілген несие мен «Ауыл аманаты» жобасы оған нағыз бизнеспен айналысуға көмектеседі.

✔Партия мүшелері ақпараттық марафон аясында арнайы барған Атырау облысының тұрғындары да табысын арттырып, өзін-өзі қамтамасыз етуге ниетті. Аманаттықтар барлығы 14 ауылды аралады. Атап айтқанда, олар Индер ауданының Өрлік ауылына болды.

Мобильді топтар еліміздің әр өңіріндегі 394 ауылдық елді мекенге баруды көздеп отыр. Сапар 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

https://t.me/AMANATPartiyasy

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.