ТҰРАНДА КӨШПЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

Қала әкімі М.Әйтенов Тұран шағын ауданында жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексеріп, көшпелі жиын өткізді. Онда пайдалануға берілген үйлердің кемшіліктері бойынша өзекті мәселелер тұрғындармен бірге талқыланып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Шағын ауданда өткен жылы 27 үй пайдалануға берілсе, биыл 41 үй құрылысы жүруде. М.Әйтенов әрбір кемшілік бойынша мердігерлерге қатаң ескерту жасап, тез арада қалпына келтіруді тапсырды.

Табиғи газ бойынша — 5 тұрғын үй қосылған, қалған 20 үйдің қамтылуы қыркүйекке дейін жоспарланған.

Ал, абаттандыру жұмыстарына сәйкес газондардың су жүйесі реттеліп, кіші архитектуралық формалар қойылмақ.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.