Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

МАУСЫМ АЙЫНДА 17 МЫҢҒА ЖУЫҚ АРЫЗ-ШАҒЫМ ШЕШІМІН ТАПҚАН

Қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте тұрғындармен кері байланыс, арыз-шағымдардың орындалу барысы талқыланды.

«i-Shymkent 109» орталығының басшысы А.Әміртаев өз баяндамасында  Шымкент қаласының ситуациялық орталығына маусым айында тұрғындардан 17 197 арыз-шағым келіп түскенін, оның ішінде 16 915-і орындалған, 282 арыз орындалу барысында екенін атап өтті.

Тұрғындар көбіне «Tolem» картасында орын алған ақаулар, жарықтың ескертусіз сөнуі, Нұрсат шағын ауданындағы электр желісінің жиі істен шығуы, Қошқар ата өзені аумағының тазалығы, қоғамдық көліктер жүру кестесі нормаларының сақталмауы, сызбасының (маршрут) өзгеруі секілді мәселелерді көптеп көтерген.

Жиында жауапты мекемелердің рейтингісі жарияланып, сапасыз жұмыстар үшін қала әкімі тарапынан кейбір басшыларға қатаң ескертулер берілді. Қоғамдық көліктерге қатысты жүйелі тексеру шараларын ұйымдастыруды, сонымен бірге, электр қуаты бойынша Энергетика басқармасына нақты тапсырмалар жүктеді. 6 айлық есептегі кемшіліктер бойынша сала басшыларының тікелей жауаптылығын атап өтті.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас жаңалықтар

Жастар арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында кезекті «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өтті

admin

Шымкентте мешітте телефон ұрлаумен айналысып келген 25 жастағы азамат ұсталды

admin

Шымкентте жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған азамат жауапқа тартылды

admin