САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙТІН ЖОЛДАРДЫ БАЙҚАСАҢЫЗ, 1463 ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСЫҢЫЗ

Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет  жалпы республика көлемінде бастау алған «Әділдікті талап ет!» науқаны аясында өткен брифингте мәлімдеді.

Баспасөз жиынында спикер автожолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы жүйелі бұзушылықтарды жою мақсатында 15 тамыз — 15 қыркүйекаралығындаСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен «Әділдік жолы» үкіметтік емес ұйымыбірлесіп, зерделеу жұмыстарын  жүргізетінін хабарлады.

«Мемлекет басшысы қатаң сынға алған сапасыз жолдар — өңіріміздің тұрғындары үшін де өте өзекті екені белгілі. Өздеріңіз білетіндей, тек соңғы 5 жылдың өзінде жол сапасын жақсарту мен оларды жөндеуге ел бюджетінен 1,7 триллион теңгеге жуық қаражат бөлінген.  Дегенмен, жол салу құрылысы бойыншаарыз-шағымдар мен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары азаймай келеді. Алдағы 1 ай уақытты қамтитын науқанға баршаңызды белсенді қатысуға, сыбайлас жемқорлыққылмыстарын болдырмауға және оныңалдын-алуға шақырамыз» — деді Департамент басшысының бірінші орынбасары.

Бұдан бөлек, Нұрдәулет Ілиясұлыбиылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Департаментпен тіркелген 15 сыбайлас жемқорлық қылмыстың басым көпшілігі — жымқыру, билікті теріс пайдалану, парақорлық және қызметтік жалғандықпен байланысты екендігін  баса атап өтіп, облыс аумағында соңғы жылдары орын алған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына тоқталды.

Атап айтсақ, 2020 жылы Түркістан қалалық сотының үкімімен Түркістан қалалық әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болған К.Үркінбаев автомобиль жолдарын күрделі жөндеу бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін мердігер компанияға 44 млн. теңге соманы негізсіз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырғандығы үшін 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Брифингте сөз алған «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстағы филиалының жетекшісі Амангелді Қалыбек сапасы сын көтермейтін жолдардың салдарынан биыл елімізде 14 000 жол-көлік апаты тіркелгенін атап өтіп, «Әділдікті талап ет!» науқанының мемлекет алдындағы маңыздылығы мен оның облыс аумағындағы жүзеге асырылу барысына тоқталды.

«Биыл 11 мыңнан астам шақырым жолға әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған 600 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Ал, жол жөндеуге бөлінген қаражаттың 44 пайызына мемлекеттік сатып алу қорытындысы жасалған жоқ. Автожолдарды салу жобаларының барлық кезеңдері жемқорлық тәуекелдеріне бейім. Тек мемлекет пен азаматтардың бірлескен күшімен ғана, қоғамды барынша жемқорлыққа қарсы күресте жұмылдыра отыра, бұл зұлымдыққа төтеп бере аламыз» — деді Амангелді Қалыбек.

Сондай-ақ, спикер жол сапасы бойынша келіп түскен барлық ақпарат республикалық жәнежергілікті «Әділдік кеңестерінде» талқыланып, соған сәйкес салалық нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында уәкілетті органдарға сындарлы ұсыныстар жолданатынын жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының  кез-келген азаматы науқанға adildik.kz веб-сайты арқылы қосылып, 15 қыркүйекке дейін автожолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы жемқорлық бойынша  ақпаратты 1463 Call center  орталығына хабарлай алады.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.