Шымкент қаласында «Жастар арасындағы деструктивті діни ағымдар мен нашақорлықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі «Жастар арасындағы деструктивті діни ағымдар мен нашақорлықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиынның мақсаты – еліміздегі деструктивті идеологиялардың таралуы және олардың жастарға әсері, діни ағымдардан сақтандырудың маңызы, жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзектілігін талқылап, қоғамның пікірін білдіру.
Атқарылып жатқан жұмыстары туралы Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Арман Бейсенбаев, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова, Шымкент қаласы істері басқармасының ақпараттық-түсіндіру жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы Бақыт Тулемисов баяндап, кеңес мүшелері тарапынан ұсынымдар енгізілді.
Бұл жиынға осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік орган басшылары мен сала мамандары шақырылды.
Алдағы уақытта көтерілген мәселелерді шешу жолында және айтылған ұсынымдарды жүзеге асыру мақсатында қоғамдық кеңес тиісті органдарға қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыстарды атқаратын болады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі