Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте «Абайлаңыз-балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Шымкент қаласы аумағында 2022-2023 жылғы жаңа оқу жылы басталуы қарсаңында 2022 жылдың 22-31 тамыз аралығында «Абайлаңыз-балалар!» атты кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасының дайындық кезеңі өткізілуде.
Аталмыш шара мақсаты — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау.
Іс-шара аясында білім беру мекемелерінде балалардың жол жүру ережесінің біліктілігін арттыру мақсатында арнайы лекциялар, дөңгелек үстел, семинарлар, тренингтер, сауалнамалар ұйымдастырылатын болады.
Сонымен қатар, Полиция департаментімен білім беру ұйымдарының айналасында орналасқан көше жол тораптарының жағдайы зерделенетін болады.
Осы мақсатта Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімінің полиция қызметкерлері әкімшілік аумақта орналасқан білім беру мекемелерінің және көше қиылыстарында жаяу өткіншілер жолағында балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу мақсатында ата-аналар комитеттерімен бірлесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Спартакиада жеңімпаздары марапатталды

admin

2020 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП 340 МЫҢНАН АСТАМ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАТЫН БОЛАДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БӘСЕКЕСІНДЕ ПАРАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ТИІС

admin