📌«Ауыл аманаты»: ауыл тұрғындары 2,5 пайызбен несие ала алады

«AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп жүзеге асыратын «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауқымды ақпараттық марафон жалғасуда.

☑️Мәселен, мобильді топ мүшелері Солтүстік Қазақстан облысының 22 ауылдық елді мекенін аралады.

✔️Есіл ауданы Явленка ауылының өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғыны Василий Голованов «Ауыл аманаты» жобасының игілігін көруге ниетті. Ол ағаш өңдеумен айналысады. Болашақта өндірісті дамытқысы келеді. Ол «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5% жеңілдікпен несие рәсімдеуді көздеп отыр. Несиені Аграрлық кредит корпорациясы мен өңірлік әлеуметтік-өндірістік корпорациялар желісі бойынша рәсімдеу жоспарлануда.

▫️«Өз қаражатыма ағаш тілетін құрылғы сатып алдым. Біз кез-келген материалмен жұмыс істейміз. Халық үшін қажетті материал болғандықтан, өнімге сұраныс көп. Тұрғындардың көпшілігі үй, сарай, монша салады. Ал кейбіреулер үйін жөндеп, санитарлық тораптар өткізеді. Ағаш – шаруашылыққа аса қажет материал», — деді Василий Голованов.

Алдағы уақытта ауыл тұрғыны өз өндірісін дамытып, өнім көлемі мен сапасын арттыру үшін қосымша білдек сатып алып, жұмыс орындарын ашқысы келеді. Бірақ ол үшін қаражат қажет. Бұл ретте, Василий «Бастау» бағдарламасына жүгінгенімен, өтініші қабылданбады.

▫️«Мен ешқандай санатқа жатпаймын. Мүгедек немесе көпбалалы әке емеспін. Жас шектеуіне байланысты несие беру бағдарламасына қатыса алмаймын. Техника ескіргендіктен, жаңа білдектер, трансформаторлар қажет. Сондықтан «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ұсынылған шарттарды пайдаланғым келеді. Бағдарлама талаптарын ұдайы бақылап отырамын. Жаңа жылға дейін бағдарлама шарттары белгілі болады. Онымен міндетті түрде танысамын. Сондай-ақ біреулермен бірлесіп кооператив құруға болады. Мәселен, біреу ағаш жеткізеді. Ал біз оны қайта өңдейміз», — деп атап өтті ол.

https://t.me/AMANATPartiyasy

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.