БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУДА ПАРТИЯЛАСТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА
«AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Баланы мекепке даярлайық!» акциясы жалғасын тапты. Аталмыш ауданға қарасты №68 жалпы білім беретін орта мектебінде көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына мектеп формасы, оқуға құралдары және сөмкелер табысталды.
Кезекті қайырымдылық акциясына Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының фракция орынбасары Жадыра Таңатарова демеушілік жасады. Аталмыш акция барысында жиынға Қаратау аудан әкімінің орынбасары Азамат Парманов, «Азат» бастауыш партия ұйымының төрайымы Әлия Сәбитова бүлдіршіндерді жаңа оқу жылымен құттықтады.
-Бүгін жаңа оқу жылы қарсаңында Азат мөлтекауданының бүлдіршіндеріне қуаныш сыйлап, акция өз үлесімізді қостық. Бір топ балаға оқу құралдары мен сөмке, енді бір тобына қаржылай сертификат тапсырдық. Еліміздің көшбасшы партиясы жылда дәстүрлі түрде аталмыш акцияны ұйымдастырып келеді. Басты мақсат ол — аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған. Акция шеңберінде балалар кеңсе керек-жарақтары және мектеп формасымен қамтылады, — деді мәслихат депутаты Жадыра Нағашыбайқызы.