Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ҰЛТТЫҚ ТАБЫСТЫҢ ИГІЛІГІН ЖҰРТТЫҢ БӘРІ БІРДЕЙ КӨРІП ОТЫРҒАН ЖОҚ — ПРЕЗИДЕНТ

Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

«Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар. Атап айтсақ, бұл макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру, сонымен қатар шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру. Сондықтан тың тәсілдер қажет екендігі сөзсіз», — деп атап өтті Мемлекетбасшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Әйелдер әйгiлi адамдардың көзiмен

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕМЕН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

admin

400 МЫҢ ШАРШЫ МЕТРГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ТАПСЫРЫЛДЫ

admin