Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

«AMANAT»: ДЕПУТАТ КӨМЕККЕ 1 ТОННА ҰН ЖЕТКІЗДІ

Түркістан қалалық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Жүсіпбаев Қостанай облысында зардап шеккендерге көмек ретінде қабылдау пунктіне 1 тонна жеткізді. Ол бұған дейін де облыста орын алған төтенше жағдайлар мен түрлі қайырымдылық шараларда демеушілік көрсетіп келеді.

— Төтенше жағдайларды бастан өткерген өңірдің тұрғыны ретінде кешегі апаттың қаншалықты ауыр екенін түсінемін. Қазақтың “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” деген мақалы осындайда қолданылса керек. Ел болып бұл сынақтан да өтетінімізге сенемін. Мұндай көмектерді жағдай тұрақталғанша жалғастыруымыз керек, — дейді Нұрсұлтан Үмбетұлы.

Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 9-дан бастап «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанынан ашылған пунктте гуманитарлық көмектер қабылдануда. Жиналған заттар Қостанай облысына жөнелтіледі.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Полицейлер алаяқтық жолмен ақша тауып жүрген азаматшаны анықтады

admin

Шымкенттік полицейлер скутер ұрлаған азаматты ұстады

admin

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ҰСТАЗ ӘРІ БАЛЫҚШЫ КЕЛІНШЕК ЕҢБЕКҚОРЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕП ЖҮР

admin