ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА БАЗАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысы, Жетісай ауданында өртенген базардың орнына жаңа базардың құрылысы жүріп жатыр. Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы күнделікті базар аумағын аралап, нысанның құрылыс жұмыстарын өз бақылауында ұстап отыр.
Бүгінгі таңда жаңа базар құрылысы қарқынды жүруде. Оған арнаулы 15 техника жұмылдырылған. 2500 шаршы метр аумақтың бетондау жұмыстары аяқталды. Техникалық тексеру нәтижесінде «жарамды» деп танылған екі сауда ғимаратының (бутиктердің) шатырлары ашылып, жаңартылуда. 16 сөренің орындары қазылып, бетондау жұмыстары қолға алынған.
Базардың инженерлік инфрақұрылымдары (су, кәріз, электр желісі, газ жүйелері) кезең-кезеңімен жасалып жатыр. Жетісай ауданына жақын Мақтаарал, Шардара, Келес, Сарыағаш және Қазығұрт аудандарынан 30-дан астам контейнер жеткізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.