«ЖАС ТОЛҚЫН» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

Бүгінде елімізде қолға алынып отырған реформалардың мән-мағынасын, Президент Жолдауының басым бағыттарын қоғамға жеткізіп, алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға қоғаммен бірлесіп ықпал етудің маңызын түсіндіру аса қажет. Сондықтан бүгін мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде партияластарға түсіндіру жұмыстарын жүргіздім.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының ауқымы кең, мазмұны ерекше. Жолдауда көтерілген байыпты бастамалар қордаланған мәселелердің шешу жолдарын айқындап, мемлекетті одан әрі жаңғырту ісіне жаңа міндеттер қойып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға леп береді.

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» – аманатқа адал, еңселі ел болу жолындағы айқын мақсат. Жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң және тәртіп үстемдігі – Мемлкет басшысы ұсынған Жолдаудың маңызды бағдарлары.

Қазақстанда жыл сайын 420 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Бұл ретте, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы Әділетті Қазақстан құру жолындағы аса маңызды бастама болып отыр. Бұл – ел ертеңіне негізделген стратегиялық инвестиция, ұрпақ қамын ойлаған ұтымды бағдарлама болатыны сөзсіз. Өзім көпбалалы ана ретінде Жолдаудағы осы бағыттың қолға алынғанына ерекше қуандым.

Өз кезегінде «Жас толқын» БПҰ мүшелері Жолдауға қатысты өз ойларын ортаға салып, оны жүзеге асыру мәселесіне мән беру қажет екенін атап өтті.

КЕРІМБАЕВА НАРГИЗА АБАЙДУЛЛАҚЫЗЫ
Мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.