Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАДА БІЛІМ ЖАРЫСТЫРДЫ

Түркістан қаласында жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада өтті. 11-сынып оқушылары арасындағы олимпиаданың қалалық кезеңіне 30 оқушы қатысып, химия, математика, физика және биология пәндері бойынша тапсырмаларды орындады.
Олимпиада барысында Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова оқушылармен еркін пікірлесіп, сәттілік тіледі. Өз кезегінде оқушылар да білім бәсекелері, Ұлттық бірыңғай тестілеу жөнінде өз ойларын ортаға салды.
«Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Бітіруші түлектерге ҰБТ-да жоғары балл жинауына тілектеспін. Оқуды жақсы аяқтап, армандаған университеттеріңе түсіңдер. Президенттік олимпиадада бақтарың жансын», — деді Оразкүл Шайхықызы.
Олимпиада қорытындысы бойынша алғашқы орындарды иеленген 3 оқушы яғни №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Аружан Әнуар, №23 Ж.Тәшенов атындағы ІТ мектеп-лицейінің оқушысы Сандуғаш Қасым, №28 мектеп-лицейінің оқушысы Мерей Жеңісқызы олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды. Түркістандық үздік үштік облыстық олимпиадада бақ сынайды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН: КАРАНТИН РЕЖИМІ ЖЕҢІЛДЕДІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ 90 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҚТАҒАН

admin