Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданындағы жаңақұрылыс аумағында орналасқан елді мекендерде жүргізіліп жатқан инфрақұрылым нысандары жұмыс барысын тексеріп, тұрғындармен кездесті.

Қазіргі таңда электр қуатымен қамту жұмыстардың 90%-ы атқарылған. Қыркүйек айының соңында  «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізілмек. Нәтижесінде, Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа елді мекендеріндегі  1 729 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Ауыз су құбырлары жүйесін орнату жұмыстары 11%-ға орындалған. Нысан 2023 жылы аяқталмақ.

Аталған елді мекендерді табиғи газбен қамту  бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

Қала басшысы абоненттеу жұмыстары барысында тұрғындардың жұмыла әрекет жасау керектігін атап өтіп, сала басшыларына бұл істі тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖОЛДАУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: «АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ» МЕН «МЕЙІР» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin

Сәуірде болған сенбілік

admin