Әзілдер

Бір күні жануартану пәнінің мұғалімі оқушыларға:

— Африкада мекендейтін 5 жануарды атаңдаршы, — дейді. Сонда бір бала атып тұрып:

— 2 піл, 3 жираф, — деген екен.

***

Тiс дәрiгерi емделушiге күмiлжи қарап:
— Кешiрiңiз, мен сiздiң сау тiсiңiздi жұлып тастаған сияқтымын. Ендi ауру тiсiңiздi тағы жұлуға тура келедi, -дейдi.
Емделушi қан түкiрiп тұрып, қуанғанын жасыра алмай:
— Көз дәрiгерi болмағаныңыз қандай жақсы болды! – депті.

***

Қожанасыр бір күні шайханаға келіп:

— Суық шай бар ма? — дейді. Шайханашы таңырқай қарап:

— Жоқ, — дейді.

Қожекең екінші күні тағы келіп:

— Суық шай бар ма? — деп сұрайды. Шайханашы:

— Жоқ, әрине, бізде үнемі шай ысып тұрады, — дейді.

Үшінші күні шайханашы Қожекеңнің келетінін ойлап, оған арнайы шай суытып қояды. Қожекең келіп:

— Суық шай бар ма? — дегенінде, шайханашы:

— Бар, сізге арнайы дайындап қойдым, — дейді. Сонда Қожекең:

— Онда ысытып әкелші, шай ішейік, — деген екен.

***

2-сынып. Қазақ тілі сабағында мұғалім оқушыларға ішінде «п» әрпі бар сөз тауып айтуды тапсырады. Арт жақтағы парталардың бірінен қолын көтерген бала:

— Қазан, — дейді. Мұғалім:

— Қазанның қай жерінде «п» әрпі бар еді?

Оқушы: — Қақпағында…

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.