Шымкент: ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденов жұмыс сапарымен келді

Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденов Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы және жеке құрамымен кездесті. Жұмыс сапарының негізгі мақсаты — ҚР Президентінің Халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру, полицияның сервистік модель бойынша қызмет көрсетуін кеңейту.

  Айта кетейік, сервистік модель негізінде полиция қызметін қалыптастыру және дамыту жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес жүргізілуде.

Жиын барысында ІІМ-нің орынбасары Ержан Сапарбекұлы құқық тәртібі саласындағы мәселелерді бірлесіп анықтау және шешу үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаматтармен тиімді әріптестік қарым-қатынас орнатуына назар аударды.

«Полицияның мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте өзгеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналады. Полицейлер жұмысының тиімділігі полиция қызметінің беделді болуына байланысты», — дейді Е. Сапарбекұлы.

Сондай-ақ, генерал-майор сервистік полиция, ең алдымен, мемлекеттік орган жұмысының «қадамдық» қолжетімділігін, ашықтығы мен нәтижелілігін қамтамасыз етуге бағытталғанын да атап өтті.

Кездесу соңында тәртіп сақшыларын Жаңа Қазақстанды құру жолында халыққа адал қызмет етуге және халықтың сенімін ақтау мақсатында аянбай еңбек етуге шақырды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.