Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ҚАЛА ӘКІМІ КӨКБҰЛАҚ ЕЛДІМЕКЕНІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Көкбұлақ елді мекенін инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов атқарылып жатқан құрылыс барысын тексерді.

Тұрғын алапқа былтыр толық оптика желісі тартылып, интернетпен қамтылған. Сондай-ақ 2021 жылы тұрғындар ауыз су мен жарыққа 100% қол жеткізді.

Ал көгілдір отынмен осы жылдың ІІІ тоқсанында қамтылатын болады, құрылыстың 90% атқарылған.

2 390 тұрғыны бар Көкбұлақтағы тағы бір мәселе — жолды асфальттау болатын. Қазіргі таңда 9 көшенің бесеуіне тас төселсе, төртеуі асфальтталды. Жалпы былтыр 6 шақырымға шағал тас төселген.

Келер жылы Ағыбек ата, Үркінбай ата, Жомарт ата көшелеріне асфальт төселеді. Ал 2024 жылы Маңлай ата мен Жангелді батыр көшелері асфальтталатын болады.

Қоғамдық көлік мәселесі шешілген,№146 және №180 маршруттары қойылған.

Бұдан бөлек, былтыр 2, биыл 1 балалар алаңшасы пайдалануға берілді.

Тұрғындардың өтініші бойынша осы жылы 800 м Есбол қажы көшесі жарықтандырылды.

Құрылыс нысандарын аралай жүріп, жергілікті тұрғындармен кездескен әкім басқа да проблемаларға көңіл аударып, оның шешілу жолдарын жауапты басқарма басшыларына  тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ШАРДАРАНЫ ДАМЫТУҒА КҮШ САЛАМЫЗ

admin

КЕМІСТІГІМ ЖОҚ ДЕП ОЙЛАЙТЫН АДАМДАР – АДАМ ЕМЕС

admin

КӨШІ-ҚОН САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin