ТОҒЫСТА 200 ОРЫНДЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Тоғыс елдімекенінде 15 000-нан астам халыққа қызмет көрсететін «Togus-med медицина орталығы» — жеке инвестиция есебінен ашылуда.

Нәтижесінде медициналық қызметпен қамтылатын елдімекендер — Тоғыз, Елтай, Жыланбузған, Маятас, Айнатас. Орталықтың бір ауысымдағы сиымдылығы — 200 адам.

Мұнда бастапқы әлеуметтік-медициналық көмекпен бірге, (ересектер мен балаларға) ЖТД, педиатрия, акушер-гинекология, хирургия, травматология, кардиология, эндокринология, онкология, урология, гастроэнтерология, ЛОР, офтальмология, стоматология, ревматология, профпатология, неврология, дерматовенерология;

— Медициналық реабилитация және физиотерапия, емдік физкультура, массаж;

— Диагностикалық қызметтер: Рентген, флюрография, УЗИ, ЭКГ, ЭЭГ, Холтер, Спирография, Лаборотория;

— Күндізгі стационар болады.

Рентген, флюрография, УЗИ, ЭКГ, ЭЭГ, холтер, спирограф тағы да басқа заманауи аппараттармен жабдықталады.

Жаңа емханда ашылғанда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігі жақсарып, пациенттер уақтылы, толық және сапалы тексеру және амбулаториялық немесе күндізгі стационар жағдайында ем қабылдайтын болады.

«Медициналық орталық бұл елдімекендерге жақын орналасқан. Қалаға әуре болмай-ақ қызметтің басым бөлігін осында алуға болады.

Бұл өз кезегінде халыққа сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырады»-деді шаhар басшысы.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.