Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

САМАЛ-3 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Шымкент қаласының шағын аудандарында туындайтын  түйткілді мәселелер шешімін табуда. Соның ішінде, жол мәселесі тұрақты назарда болып, ішкі орам көшелер кезең-кезеңімен асфальттанып жатыр.

Бүгінгі таңда Абай ауданы аумағындағы Самал-3 шағын ауданының бірқатар көшелері орташа жөндеуден өтті.

Жөндеуден өткен Момышұлы, Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай және № 1,2,3,4 (тұйық) көшелерінің жалпы ұзындығы 2,06 шақырымды құрайды. Шағын ауданның көшелерінде тегістеу, нығыздау жұмыстары жүргізіліп, қалыңдығы 10 см құрайтын асфальт төселді.

Қаламыздың ішкі орам көшелерін орташа жөндеуден өткізу ағымдағы жылы басты назарда. Басқарманың мәліметінше, бекітілген жоспарға сәйкес 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

 

Ұқсас жаңалықтар

«NUR OTAN»: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ДЕПУТАТ 13 ЖЫЛДАН БЕРІ ӘДІЛДІК ІЗДЕГЕН ТҰРҒЫННЫҢ ҮЙІН ЗАҢДАСТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТТІ

admin

САУРАН АУДАНЫНДА ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

admin

ХАЛЫҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ – БҰЛ ЫНТЫМАҚТАСТЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

admin