Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкент: Жоғарғы сынып оқушыларына есірткі заттарын тұтынудың зияндығы жөнінде арнайы сабақтар өткізілді

 Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында жоғарғы сынып оқушыларына, жасөспірімдерге, студенттерге, ата-аналарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарын жеткізу және жаңа психоактивті заттардың таралуының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда.

         Осы орайда, Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен қала әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мамандары бірлесіп, №55 мектептің жоғарғы сынып оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру және есірткі заттарын тұтынудың зияндығы жөнінде арнайы сабақтар өткізді.

         Сабақ барысында оқушыларға зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 20 000 ЖУЫҚ БЕТПЕРДЕ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАНДА ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУДЫ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН: 140 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

admin