Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫНА САЯСИ ТҰҒЫРНАМА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

🇰🇿Бүгін «AMANAT» партиясы Абай ауданына қарасты, «Ақтас» бастауыш партия ұйымына жаңа саяси тұғырнама таныстырылды.
Құрсай шағынауданы Әл-Фараби атындағы мектеп ұжымы «Халық үніне құлақ асатын партия» форматы негізге алынған тұғырнамамен танысып, саяси құжат қамтыған мәселерді талқылады.

📌Ұстаздар қауымына әсіресе, «Білім мен ғылымға салынған инвестиция – болашаққа салынған инвестиция» бөлімі кеңінен тарқатылып айтылды.

🖊️«Біз тың идеяларға ашық, сыни және креативті ойлай алатын, ізденімпаз, өмірін білім мен кәсіби қабілетін жетілдіруге арнауға дайын азаматтарды тәрбиелеп шығаруымыз қажет. Бұл – зияткер, озық ойлы ұлтты қалыптастырудың негізгі алғышарты.
Мемлекет білім, ғылым саласын дамытуға басымдық беріп, қаржыландыруды ұлғайта береді.
Мектепке дейінгі, орта, кәсіптік, жоғары білім беру жүйесіне кешенді өзгерістер керек.
Балабақша, жатақхана жетіспеушілігі, үш ауысымдық, апатты мектептер мәселесі қысқа мерзім ішінде шешімін табуы тиіс.
Жас ғалымдардың әлеуметтік мәселелерін түбегейлі шешіп, олардың алаңсыз ғылыммен айналысуына қолайлы жағдай жасау маңызды»,- делінген тұғырнамада.

✅Жиын соңында бастауыш партия мүшелері тұғырнамаға ұсыныстарын қосып, пікірлерін білдірді.

#AMANATaimak

Ұқсас жаңалықтар

Құны 300.000 теңге тұратын сиыр иесіне қайтарылды

admin

ӨСКЕМЕНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТЕДІ

admin

ГАУҺАР АНА КЕСЕНЕСІ МЕН САУРАН ҚАЛАШЫҒЫНДА САПАР ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫ

admin