ШЫМКЕНТТЕ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЯСИ ТҰҒЫРНАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

🇰🇿Бүгін Шымкент қалалық Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясында «AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасы таныстырылды.

📌«Халық үніне құлақ асатын партия» форматы негізге алынған тұғырнамамен алғашқы болып партияның Еңбекші аудандық филиалына қарасты «Жәрдем» Бастауыш партия ұйымының мүшелері танысты. Ақ халатты абзал жандар жиында саяси құжат қамтыған мәселелерді талқылап, пікір алмасты.

✅Бұл тұғырнаманың ерекшелігі сол: құжат әзірлеу және жазу алғаш рет толығымен қазақ тілінде жүргізілді; екіншіден, тұғырнама алғаш рет Адамнан басталады. Яғни, құжат «Адам – Қоғам – Мемлекет» принципіне құрылған.
«Әрбір адам лайықты білім мен медициналық көмек алуға, жеке қауіпсіздігінің қорғалуына, ыңғайлы әлеуметтік орта мен жайлы үйде тұруға құқылы. Қазақстан азаматы өз елі, өз жерінде алдағы болашағына алаңдамайтындай өмір сүруі керек!» – делінген тұғырнамада.

✒️Партияның басты мақсаты да осы. Әр адамның құқығы мен бостандығын қорғайды. Ортақ құндылықтармен, ұлттық мүддемен және бір болашақпен біріккен қоғамды қалыптастырады.
«Біздің мақсатымыз – Қазақстанның әрбір азаматының құқы, еркі қорғалған, адал еңбегімен, білім-білігімен көздеген асыл мұратына қол жеткізе алатын демократиялық, әділетті әрі бақуатты мемлекет құру.
Біздің міндетіміз – Қазақстанның территориялық тұтастығы мен мызғымастығын сақтау, қауіпсіздігін күшейту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, ұлтымыздың рухани болмысын жаңғыртып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін түпкілікті орнықтыру, ашық азаматтық қоғам қалыптастыру.
Тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – Әділет, бағдарымыз – Бірлік!».

🖊️Бүгінгі жиында тұғырнаманың барлық бөліктері талқыланып, ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта да кең көлемде саяси диалог қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.