СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Таскен тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында Департамент қызметкері Жазира Әлжанова тұрғындарға мемлекеттің жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан стратегиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастар арасында адалдық, ізгілік қасиеттерін дәріптеу мақсатында атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
Сонымен қатар, спикер Агенттікпен әрбір өңірдің өзекті мәселелерін қамтитын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірленгендігін атап өтті. Оның айтуынша, аталған картаға қаламыздағы білім, денсаулық сақтау, құқыққорғау, жер, әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй және т.б. салалар енгізілген.
Департамент өкілі сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әрбір азаматтың рөліне тоқталып, жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда тәулік бойы жұмыс жасайтын Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарласуға шақырды.
Кездесу соңында тұрғындарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғалар үшін заңнамалық түрде біржолғы ақшалай сыйақылар белгіленгендігінен хабардар етті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.