Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықСпорт

МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ ЖАСЫЛ АЛАҢДА КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының Қаратау ауданында мектеп мұғалімдері арасында футболдан сайыс басталды.
Аталған бәсеке ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында, мектеп мұғалімдері арасында достықты дәріптеу, бұқаралық спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов сайыстың ашылу рәсімінде командаларға сәттілік тілеп, іс-шараның маңызына тоқталды. Жеңімпаз командалар, ойыншылар арнайы жүлделермен марапатталады.

Жалпы сайысқа Қаратау ауданында 14 мектептің командасы бақ сынайды. А.Пармановтың айтуынша, келесі апта бұдан басқа мектептер арасында да турнир өткізіліп, ауданның үздіктері анықталмақ.

Мұғалімдер арасындағы алғашқы турнирдің жеңімпаздар мен жүлдегерлері бүгін анықталады.

«Шымкент келбеті»

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ НАУРЫЗ АЙЫНДА ҚЫЗАНАҚТЫ ЭКСПОРТТАУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

admin

БАҒА, МЕКТЕП, ЖАНАРМАЙ. ФРАКЦИЯДА АТАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

admin

ҮГІТ-НАСИХАТ ТОПТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

admin