МАЯТАС ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының ұйымдастыруымен Б.Момышұлы атындағы №120 мектепте «Қазығұрт» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесу өтті. Жиынға «AMANAT» партиясының Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Г.Жартыбекова, «Дарын» орталығының директоры Р.Джеренова, «Қазығұрт» бастауыш партия ұйымының төрағасы М.Сейітов қатысты. Басқосуда мемлекет баасшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы және Астана қаласында өткен «AMANAT» партиясының XXIV Съезі мен Халықтық коалиция форумының қорытындысы сөз болды.
Съезд делегаты Гүлжайна Жартыбекова елордада өткен саяси шараның маңызы жайлы кеңінен тоқталды. Сондай-ақ ол «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов халықтық коалиция Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасын ұсынатынын жария еткенін де жеткізді. Ал, күні кеше Қасым-Жомарт Кемелұлы ресми түрде алдағы Президент сайлауына кандидат ретінде тіркелгені туралы орталық сайлау комиссиясы жария етті.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.