Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер студенттерге отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы сабақ өтті

Елімізде отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет ең маңызды мәселелердің бірі. Осы орайда Абай АПБ Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді қорғау тобының инспекторлары «Мирас» университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында полиция подполковнигі Айнұр Қарабаева студенттерге «Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу негіздері» атты дәріс оқыды. Онда отбасылық келеңсіз оқиғалар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына тікелей әсер етіп, жасөспірімдерді заңбұзуға итермелейтіндігі туралы айтылды.

Отбасындағы моральдық және этикалық құндылықтардың сақталуы жастардың болашағына зор әсерін тигізетіндігіне тоқталды. Сондай-ақ, полицейлер студенттердің жанұяларындағы қарым-қатынас тұрақтылығы жөнінде әңгіме өрбітіп, олармен сұрақ-жауап алысты.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

«ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ

admin

Ұлдарын асқан қатыгездікпен өлтіргендерге қатысты жаңа деректер шықты

admin

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРІ МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

admin