Шымкент: Несие аламын деп, миллионға жуық қаржысынан айырылды

«Несие алып беремін» деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, айласын асырғандар саны азаймай тұр. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.

 

2022 жылдың 10-қазанында, сағат 16:17-те Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, үш жылдан бергі танысы «қаржы ұйымынан несие алып беремін» деп, 994 530 (тоғыз жүз тоқсан төрт мың бес жүз отыз мың) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

 

Аталған дерек ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

 

Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаның алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.