«AMANAT»: ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ – ЖОЛДАУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ” Жолдауында әр салаға қатысты тың бастамалар қамтылған. Онда жүктелген міндеттерді іске асыру, қоғам арасында кеңірек насихаттау жұмыстары жалғасын табуда.

Осыған орай «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық мәслихат депутаты Жәмила Сүлейменова, «Шауғар» БПҰ төрағасы Бақытжан Құлжабаев Түркістан қалалық ауруханасының ұжымымен кездесіп, денсаулық сақтау саласына енгізілетін өзгерістер туралы баяндады. Ел Президентінің медицина мамандарын даярлауға көп көңіл бөлуге тапсырма бергендігін айтқан Ғаппар Амантайұлы:

— Ұлт саулығы басты назарда. Мемлекет басшысы медициналық инфроқұрылымды жаңартуды мейлінше жеделдетуді тапсырып отыр. Бұл дегеніміз еліміздегі ауруханалар мен емханалар соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталады деген сөз. Тиісінше, басы ауырып, балтыры сыздаған тұрғындар үшін де емделуге көптеген мүмкіндіктер тумақ. Оған қоса, ақ халатты абзал жандардың санын арттыру мақсатында Қасым-Жомарт Кемелұлы резидентураға бөлінетін гранттың санын 70 пайызға арттыруды тапсырды. Бұл осы салаға бет бұрған жастар үшін үлкен мүмкіндік болмақ,-деді.

Кездесуде медицина саласындағы өзге де бастамалар туралы әңгіме өрбіді. Мәселен, Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар, еліміздегі емдеу мекемесі жоқ 650 елді мекенге алдағы екі жылда медициналық және фельдшерлік ғимараттар салынатын болады. Жиын соңында денсаулық сақтау саласының өкілдері Президент бастамасын құптайтындықтарын жеткізді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.