ШАҒЫН АУДАНДАРДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты шағын аудандарда қазіргі кезде инфрақұрылыммен толықтай қамту бойынша мәселелер біртіндеп шешімін тауып келеді

Атап айтар болсақ,  Солтүстік-батыс шағын ауданында 181  отбасы қоныстанған. Халық саны 6 355 адам. Сапалы электр қуаты, табиғи газ, және ауызсу мен толық қамтылған. Сондай-ақ,  жалпы саны 39 көшенің 22-сі асфальтталған болса,  17-сі тас жол.

Биылғы жылы Өріс тұйығы, Талас, Бектау жалпы 2 көше жөндеуден өткізілді. Өзекті көшесі пайдалануға берілді. Жарықтандырылған көшелер саны – 3.

Сонымен бірге Самал-3 шағын ауданында да инфрақұрылым мәселесі жолға қойылған. Аталмыш ауданда халық саны 27 090 адамды құрайды.

Тұрғындар ауыз су, табиғи газ, және сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етілген.  Шағын ауданда  63 көше бар. Оның 24-і асфальтті көше болса,  39-ы тас жол. Биылғы жылы Б.Момышұлы (жалғасы 1,2,3,4) Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай, Ерубаев, Аманжолов, Баршын  6 көше жөндеуден өткізілді. Жарықтандырылған көшелер саны – 14.

Аталған қос шағын ауданда сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында талшықты оптика желісі жүргізілген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.