ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

25 қазан — Республика күніне орай Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел» атты жиын өтті.
Елдікті дәріптеген игі шарада Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының отбасы және жастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Нүркен Аралбеков сөз алып, өңірдің көшбасшы жастарын арнайы құттықтады.
–    Республика күні – еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі. 25 қазанда еліміздің егемендігі туралы Декларация қабылданып, мемлекетіміздің ресми шекарасы белгіленді, дербес ел ретінде әлем картасына енді. Егемен еліміздің кемел келешегін нығайтуда жастардың рөлі ерекше. Өскелең ұрпақ бұл мерекенің қадір-қасиетін терең ұғынып, әрбір құндылықты көздің қарашығындай сақтауы қажет. Алдағы уақытта да білім мен біліктіліктеріңізді тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне арнап, аянбай қызмет ете береді деген сенімдеміз, — деді ол.
Салтанатты шара барысында Н. Аралбеков Республика күніне орай, түрлі салаларда елеулі еңбек сіңіріп, қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып жүрген өңірдегі белсенді жастарды Алғыс хаттармен марапаттап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Марапат иелерінің қатарында Түркістан облысы бойынша қалалық, аудандық Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлері бар.
Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Жалынды жастар патриоттық әндер шырқап, мерекенің сәнін келтірді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.