ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 16 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында биыл облыстық бюджет есебінен жаңа 22 мектептің (жекеменшік 13 мектеп) құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарланған.
Оның ішінде қазіргі таңда 6 мектеп толық аяқталған. Ал қалған 16 мектеп жыл соңына дейін қолданысқа берілмек.
Республика күні мерекесі қарсаңында Қазығұрт ауылында 150 оқушыға арналған жекеменшік мектеп, Сарыағаш қаласында 900 балаға, ал Сайрам ауданында 1 200 орынға лайықталған жекеменшік мектеп ашылды.
Сондай-ақ, Сайрамдағы Қарабұлақ ауылында 400 орындық мектеп, Түркістанда 500 орындық дарынды балаларға арналған білім ордасы және 250 бүлдіршінге арналған балабақша ел игілігіне тапсырылған болатын.
Айта кетсек, Түркістан облысында апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында 2025 жылға дейін жаңа 199 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.