Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте «Қару» іс-шарасы қорытындыланды

Ағымдағы жылдың 17 мен 26-қазан аралығында Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты — азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, 2769 қару иелері тексеріліп, заңсыз айналымнан 11 қару тәркіленіп алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері қару иелерін тексеру жұмыстарында әкімшілік жауаптылыққа 715 тұлға тартылған болса, оның 501-і қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін жазаланды.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

admin

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 12 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ ОШАҚТАРЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ БОЙЫНША САУАЛНАМА ЖҮРГІЗІЛДІ

admin