ХАЛЫҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ЕЛ АЗАМАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшелері Сауран ауданындағы Ораңғай ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге қоғамдық штаб мүшелері Ә.Кеңес, З.Чалданов, Н.Атаева, С.Асылбеков, Қ.Сапаров, Е.Мұстапаев, Ж.Досманов мен Г.Үстемір қатысты. Жиында сөз алған сенімді өкілдер кандидаттың әділдік және өрлеу қағидаттарына кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламадағы ауылдық жерлерді кешенді дамыту тұжырымдасымен таныстырып, Қ.Тоқаевтың стратегиялары Қазақстанды дамытуды көздейтінін жеткізді. Және де азаматтарды біртұтас алдағы науқанға белсене атсалысуға шақырды.

Ал созақтық сенімді өкілдер М.Жұмаханұлы, Б.Бейімбетұлы мен Е.Сағындық №14 Тәкен Әлімқұлов атындағы мектеп-интернат лицейінің ұжымымен жүздесті. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары мен маңыздылығы айтылды.

— Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында барлық сала қамтылған. Бастамаларды қоғам болып қолдап, жүзеге асыратын болсақ, болашығымыз айқын болатыны сөзсіз, — деді штаб мүшелері.

Одан бөлек, Сарыағаш ауданында Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері З.Ибадуллаева, Ж.Әбдібаев, пен Г.Ізбасарова Жібекжолы ауылдық округіндегі кәсіпкерлерімен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Олар кандидаттың бағдарламасындағы кәсіпкерлерге жасалатын жеңілдіктер жайында айта келіп, сайлау күнінде бір кісідей белсенділік танытуға шақырды. Кездесулерге қатысқан азаматтар да қуатты Қазақстанды қолдайтындықтарын жеткізді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.